ВЕРНУТЬСЯ

    Жүзіңді
көргендей болдым,

деміңді сезгендей болдым,

көк
төсін қалқып

кезгендей
болдым.

Көк
барқын таулар,

қара
айдын теңіз елеңдеп,

есті
кеп бір жел

Алатау
жақтан өлең боп.

Жыралап
қашып, андыздай,

ақылға
құрық салғызбай,

жұлқынды жүрек!..

Сағыныш
буып,

қан
қызды-ай...

Қарлы
тау асып кетсем бе дедім,

Қара
теңізді кешіп өтсем бе дедім?..

Арада
жатқан

шақырымдарды
сындырып,

қас-қағым
сәтте жетсем бе дедім,

қасыңа
сенің отырған шақта елеңдеп,

күзетіп
түнді,

жалғыз-ақ
шумақ өлең боп...

20 наурыз, 1980 жыл