ВЕРНУТЬСЯ

   Ақпан
да өтер...

Шөлдетер
мұң...

Өмір
өзге басталар.

Жыр
жаңбырын селдетермін,

Сөзімді
естір басқалар.

Көктем
келер біз күттірген,

көшер
көкпен ауған үн.

Сезім
болып үздіктерген,

қозғар
кеште тауды әнім.

Құстар қайтар ызғып қырмен

былтырғы
емес...

Басқа
бір.

От
махаббат үздіктерген

ойнар
ыстық жас тамыр.

Шілде
де өтер...

Шөлдетер
мұң...

Шырша,
қайың ырғалар.

Ауыл
қалар... Мен кетермін.

Ай
астында жыр қалар.

Түн
ұялап дала, қырға,

жырымды
оқыр аспан-ар;

мұң ұялап жанарында,

жастығыңа
жас тамар...

Өмір
өзге басталар...

ақпан,
1970 жыл