ВЕРНУТЬСЯ

    Аспан
ашық...

Тағы
да бозданған ба Ай,

жүрегім
жұлым-жұлым...
Сазданғандай.

«Шейк» билеп жатқанда көрші қыздар,

күллі
Алматы болады қозғалғандай.

Жымындасып
жұлдыздар желіккендей.

Жатақхана...

Жас
қайың еліткендей...

Көз
алдыма келеді бөтен сурет,

құралайы тауымның - елік келмей.

Тұрғандайын басында тас қияның,

әлденеге көз
тігіп қасқиямын.

Көрінбейді
тауымның ақиығы,

тербелмейді
көкке өрлеп, жас қиялым.

Құлайтындай қорым тас бір тіктегі,

сілкінеді
бір сезім кірпіктегі,

даң-дұңынан «шейктің» өлең түгіл,

Айда
тұра қашардай үркіп тегі...

Аспан
ашық...

Тағы
да бозданған ба Ай,

көңілім
әрі-сәрі... Назданғандай...

«Шейк» билеп жатқанда көрші қыздар,

күллі
Алматы болады қозғалғандай.

мамыр,
1969 жыл.