ВЕРНУТЬСЯ

         Атамыз откен Ер Сүйін,

Ежелден тапкан ел күйін.

Кешегі бір күндерде

Бауырын оққа төседі,

Оның да арғы түбін сұрасаң,

Қалмактың қызы Айдымнан

Туғаны рас екен деседі...

Аралбай Оңгарбекулы

- Бұрыс деп мұны
айта алар екен кім, кәні,

Сүйек жаңғыртты Сүйін батырдың ұрпағы! -

Дауымбақ қария даудырлай сөйлеп күледі,

Қабыл боп бүгін талайдан бергі тілегі.

... Екі жыл бұрын
әскерге кеткен баласы

Элиста жақтан келін ап келген күн еді.

- Әй, кемпір,
кемпір, анау-мынау деп жүрмегін,

Айдым ананың жұртынан болды бүл келін. -

Ақ бәйбішені шақырып алып оңаша,

Дауымбақ қария айтып-ақ жатыр білгенін.

- Құт болсын жұртың, өсе бер, балам, тола бер,

Уа, Айдым ана,

Уа, өзің пана бола гөр! -

Қария біткен батасын берді қол жайып,

...Келіннің атын Айдым деп кетті содан ел.

Қауышқандай ол қайтадан туған жерімен,

Қай үйге енсін - сайлайды орын төрінен.

Түседі еске қалмақтың қамқа даласы,

Жүйрікті көрсе, жарысқан дала желімен.

Күбісін шайқап, шаруаның бәрін ыңғайлап,

Биені сауып, құлынды
өзі жүр байлап.

... Дауымбақ қария
тілейді саулық Айдымға,

Ер Сүйін сынды ел қамын жейтін ұлды ойлап.