ВЕРНУТЬСЯ

     «Пәленшеев хатшы
бопты обкомға,

Кереметтей кенен білік жоқ-ты онда.

Тасы өрге домалап-ақ келеді,

Ана ауылдың баласы ғой себебі.

Кірме деуші ед

біздің елге сіңісті,

Қалай тапты, а,

жат боп кеткен туысты?

Көрдім бүгін,

сәлемімді ап зорлана,

Мінді барып сүлік қара «Волгаға».

Кеше ғана бірге журген «ит» еді,

Қазақ енді, бақыт конса, сүйтеді».

Өстіп өзі өсе алмасын білгесін,

Ылғи налып отырады бір досым.

Содан кейін

әй, сайрайды,

сайрайды-ақ,

«Рушылдық жойылсын!» деп айғайлап.

Бұл айғайға иланбайды, тегінде, ел,

Уай, ол қасқа шын жылап тұр,

сеніңдер.

Атқа мінген жігіт бар-ды және бір,

«Өткенді аңсау- қазақ үшін бәле бұл».

Ескілікпен күрес жайлы «ой толғап»,

Жиындарда сөз бастайтын қойқаңдап.

Сәуір желі ескен мезет тоң жібіп,

Патриот боп шыға келді сол жігіт.

«Қазақ үшін түк істемей кетті» деп,

Түсіп қалған басшымызды сөкті кеп.

«Жол бермеді біз секілді жастарға»,

Түйілді жұрт әлгі кәрі қақсалға:

«Қазақ емес деуші еді оны,

шын болды-ау»,

Кетті шалқып тұтанғалы
тұрған дау.

Талай жерді шарпып-шарпып от барып,

«Адам емес» дегенге кеп тоқтадық.

Сол шал еді адам қылған әлгіні,

Е, қайтейін, қазекемнің тағдыры.

He де болса, бір танытты күшін ол,

He демейді елге жағу үшін Ер.

Ырғын жұртты жинап алды ығына,

Ер қазақ деп айтамыз ба мұны да.

Кілең арыз жазатұғын бір ағай

«Қадірім жоқ қазаққа» деп жылады-ай.

«Сол ақының жәй-ақ», - деді мықтыны,

Бірақ қайдан түсінсін-ау жұрт мұны.

Ондай жырды мен ермекке жазамын,

Ұқпайсың ғой,

әй, ұқпайсың, қазағым.

Қазағыма болсын деген мен едім,

Мазағына калып елдің келемін.

Теңеулерім тентіреп жүр қолды боп,

Жеңгең нұқып, басынады сорлы деп.

Қандай тату,

Қарашы өзің елге, әні,

Ағам ғой деп қолдамайсың сен дағы.

Мейлі, әзірге атың басын әрі бұр,

Өлем түбі, сен көмесің бәрібір?».

Ойбай, өлме!

Өле көрме!

Атама!

Жазылар да нәйеті бір мақала.

Бұдан былай қызғыш Құсың мен болам,

Жазам, аға!

Айтшы

бірақ сен маған:

Іні - жалқау,

Әйел - жолы боларда,

Қазақтығың жазықты ма оған да?

Ішкіш көршім бір әңгіме айтары:

- Ағаң кеше,

өй, шайқады-ау,

шайқады.

Білдіреді

ел елдігі барлығын,

«КПЗ»-да жатыр едім дәл бүгін.

Сержант бала,

жігіт екен көреген,

Түсінді, әйтеуір,

«қазақпыз ғой» деген ем.

...Ел деген сөз аллергия секілді,

Естісем-ақ, мазамды әбден кетірді.

Қазақ аты қосақ ара құр кетер,

Тайлаққа ұқсап талай ұста жүр бекер.

Қалып қойса әлдебіреу досынан,

He жазығы бар қазақтың осыған?

Атқа мініп, естілсе оның сөзі ірі,

Қазағым деп кақсайтыны не жыны?

Қазағым деп бұрқанады-ай
көпіріп

(Қазақ түк те оныкі емес, өтірік).

Өрге барсын, шөлге барсын, о, тегі,

Жанторсық қып қазақты ала кетеді.

«Менің налам, - дейді, - қазақ наласы»,

Біз де қазақ секілді едік, ағасы.

Бөтен
болып шықтым-ау мен, шамасы,

Тым алшақтау наламыздың арасы.

Қызметке,

хатшы мінген «Волгаға»,

Өтінемін,

елдің атын қорлама.

- Мына бала, - деді ол, -

мені тұр
қажап,

Кекетпесе, жүре алмайды бұл қазақ.

...Мұндай жайттар өткен дейді бұрын да,

Қазақ болу қандай қиын, шынында.