ВЕРНУТЬСЯ

       Тұсаулы тұр боз шолақ.

Ойқы-шойқы, орда-шорда бітімі,

Кетіпті әбден жануардың ыпыны.

Бұл - кешегі бір күндерде,

Үш қиянның еліне

Шапса, бәйге бермеген

Есіл біздің Көкжұлынның тұқымы.

Ымырт қамап келе жатыр кең сорды,

Дәл осы кеш кеш секілді ең соңғы.

Жетімсіреп жауыр құнан қарайды,

Жеті атамды түгендеймін мен сорлы.

Кең аспанның әр жеріне шоқ түсіп,

Төбемде тұр
көзі жанып көп мысық.

Шолақ құнан, шолақ дүние, шолақ сай,

Айқайлағың келеді бір кек қысып.