ВЕРНУТЬСЯ

      Бақсы билеп жүр,

Жанады жантақ
қандай қурап тұрған,

Сол отқа жүгіреді ол зулап қырдан.

Бір шетте қазан қайнап, ет
пісуде,

Шалынып ақбоз бие ту бақтырған.

Біз ойын баласымыз.

Қызық керек.

Асылып тұра
қалып үзікке кеп,

Бір-бірлеп айқай салып шақырады ол,

Аттарын көп бураның тізіп бөлек:

Ұраны жоқ ұлысым,

Ұлтандардың құлысың.

Қара тот жеп бітті ғой

Қынабы жоқ қылышым.

Жайлауыңды кім алды,

Жайнағынды кім алды,

He боп кетті тұқымың,

Кімге бердің мұранды,

Кім жуады күнәңді,

Кімнің малы дегізген,

He парқың бар өгізден?!

Керім самал шәлдегі

Кербез бура, кел бері,

Жетім табан белдегі

Жеке бура, жел бері,

Көтере жүр басыңды,

Өгіз емес, бурасың,

Ей, тұқымы
көбейгір,

Естисің бе сен мені!

Бақсы жүр - өткір кездік көп қайралған,

Көз алдым - сансыз бура отты айналған.

- Кел, - деді, -
сен де нардың тұқымысың.

Ақ бура мені көріп тоқтай қалған.

Бір қауым галстукты тұр бөліне,

Тобырға беттемеді, кірмеді
де.

Мен дағы отқа қойып кетсем деймін,

Қосылып Ойсылқара дүрмегіне.

Алқына бастағанда от деміммен,

Білемін шешем байғұс жеткенін мен.

- Әне тұр мүғалімің, олай етсең,

Қу шешек, қуады ертең мектебіңнен.

Оралып баяғы өткен жайға тағы,

Әкеңді итжеккенге айдатады.

Кетелік, аулақ,
ойбай мына бақсы,

Жөн өлмей, сорымызды қайнатады...

Ей, ғажап жаратылыс, сырлы
ғалам,

Әу баста-ақ уыз нұрың сіңді маған.

Жолықты талай «бақсы» одан кейін,

Зікір caп «жыла» десе - күлдім оған.

Жеңіспен күндер өтті, жеңіліспен,

Болғанда жүрек мұнды, көңіл үстем,

Шабынды талай бура жынын шашып,

«Бұл кімнің
өгізі екен?» дедім іштен.

Жылдардың илегенде тас табаны,

Жанардан анамды ойлап жас тамады.

Апа, сен бекер сонда ұстап қалдың,

Әйтпесе, болар ма еді басқа бәрі...