ВЕРНУТЬСЯ

    Бекер болды,

жөн еді ғой қайрылған,

Кете бардық көз ала алмай айдыннан.

Жар басында қала берді қол созып

Жалғыз жиде жапырағынан айрылған.

Бекер болды,

жөн еді ғой қайрылған.

Қалқам, сенің жанарыңа үңілем,

Бұл бір
әлем шаттығымен, мұңымен.

Жарқабақтар жиі құлап, жалт ойнап,

Жайық неге жылап жатты түнімен.

Ішін тартып, ышқынады тыста түн,

Бақыт деген жаз секілді қысқа тым.

Қарсы алады ертең өзге қалада

Сендер жақтан оралатын құсты ақын.

Күз дегенің - коштасудың хабары,

Жүрегімді жұлқылайды
сан әлі:

Жарқабақтар құлаған түн жалт ойнап,

Және, күнім, жалғыз жиде манағы.

Тереземнің арғы жағы тұман боп,

Мен өзіңді есіме алып тұрам көп.

Жарға біткен жалғыз жиде бар еді,

Ол ендігі құлап қалған шығар деп...