ВЕРНУТЬСЯ

       1. Генетика

       Сауран, Құлбай - ертеде

Екі бірдей хан өткен.

Екеуін бірдей өлтіріп,

Істі орнына келтіріп,

Біздің ауыл сол жерден

Қозғалған екен көшем деп.

Белгісіз халық ақынынан

- Астапыр-алла!..

Ұйықтап
жатқан төбетті бастан аттай,

Диқан ата шегінді қашқалақтай:

«Иә, сәт!» деп кетпенін салған бетте,

Қу бас шықсын домалап асқабақтай.

Кім жоқ дейсің бұл жердің қатпарында,

Шүршіт-шүрім,

бар тіпті сақ та,

ғұн да.

«Арғы атамыз Сырда өлген, - дейтін шалдар

Сауран хан мен Құлбайды шапқанында».

«Ол да кеткен қос
ханның басын алып,

Сыр да кеткен әрі аунап тасып ағып». -

...Сары белде отырды жалғыз диқан,

Сарғыш тартқан қу басты қасына алып.

Жел соғып тұр
қуырып маң даланы,

Диқан ата өз ойын жалғады әрі:

 «Шығыңкы иек,

жылқы тіс, шықшыты ірі,

Қысыңқы екен көзінің аңғалағы.

Маңдай жатыр даладай керіле кеп,

Шүйдесінің бітімі, тегі, бөлек.

Тұрқы
біздің тұқымға келіп-ақ тұр,

Деу де болса, мынау сол», - деді кенет.

Тұрқы кеп
тұр

ақиқат,

сенеді енді,

Атам солай қу басты егеленді.

Ол біледі

бабасы осында өлген,

Ол біледі

тағы да неден өлді.

Гулемесін,

гулесін жарықтық ел,

Ақиқат бұл
шал өзі анық білер.

«Кәрі атаны» аққа орап жерлеп қайттық,

Әулетіміз ертесін барып түгел.

Көше де сол,

үйлер де сондай әлі,

Су жағалап жүреді Жолдыаяғы.

Атам казір керемет жайлы ұйықтап жүр

Жиырма жасар кезіндей сол баяғы.

 

      2. Әңгіме

      «Бекеттің бел жайлауы жоннан әрі

Созылып Ащыағар сай - ол қалады.

Бейнеуде қойтасы көп қорым жатыр,

Бейіті біздің елдің сол болады.

Барармыз бұйрықты
күн болғанында,

Тұрар бір
сағана там жолдарыңда» -

Тілегі қабыл екен анамыздың,

Мінеки, жатты келіп сол қорымға!

Ел келіп, ескі әңгіме шертілсе онда,

Еліріп Бейнеу желі желпінсе ол да,

Бұл жатқан шынжырбалақ «байдың қызы»,

Ал әкем «халық жауы»

(Мен кім сонда?).

Ой, босқан, босқан,

босқан Құсалы елім,

Тақырға тары шаштым - мысалы оның.

Tap заман

тақыс заман,

тарғыл заман,

Табылмас перғауыны Мұса ма едің?!

Ар жағы Қиыр Шығыс айлағынан,

Итжеккен - жердің түбі қайдағыдан.

Бер жағы - түрікпен,

тәжік,

өзбек жері,

Жылулас қарақалпақ аймағынан.

Жеке боп,

ауыл болып,

халық болып,

Хат болып,

хабар болып,

табыт болып,

Босқан ел әлі күнге оралуда,

Ата жұрт таңын ерек жарық көріп.

Менің ата мекенім - менің жаным,

Жаныма жара түссе, көңіл жарым.

Жеткізіп бір кісідей айта алмадым,

Білсем де мың кісідей оның зарын.

Көшудің қайғы ма,

әлде бақ па түбі,

Аңсатып алғау суы,

тақта қыры,

Қара қыз қара кемпір болған шақта,

Бейітін атасының тапты ақыры.

Біреулер «мықтымын» дер,

«тектімін» дер,

Білмеймін бізде қандай өтті дүрлер.

Санасаң жеті атамды алда-жалда,

Сағыныш бір атасы деп біліңдер!!!

Байқарсыз түп-тегімді біліп-танып,

Барады тағы бір шал ұмыт қалып.

Ол шалдың аты - Төзім,

дәті берік,

Жарықтық сан түзелген сынып барып.

Өтіпті өткірі де осалдары,

Жаратып жүйрік тілді, қосар бәрі.

Болғанда атасы - Түн, анасы - Күн,

Қара өлең бізге біткен қос арналы.

Шалдарды мақтағанды ұнатамыз,

Және бар Күту деген бір бір атамыз!

Шақырған соның бәрін өмір бойы

Бір жер бар аспаны - жыр, қыраты - аңыз.

Біріне келін болған, біріне қыз,

Ананың бейітіне жүгінеміз.

Ер жетіп, етек жаптық біз осылай,

Жарық пен қараңғыны біліп егіз...

 

     3. Қанағат шофер
куәлігінен айрылып қалды

     Қанағат шопыр (жұмысың түсіп көрмесін)

Аяғын қия баспайды істен келгесін.

Тып-тыныш бөлме. Есікті ешкім ашпайды,

Тыңдайды жатып Ғарифолланың термесін.

Алдына барсаң көлігі зәру керегіп:

- Ала ғой, -
дейді, - сен сұраған соң
берелік.

Жүргізбек түгіл, от алдыра алмай күйесің,

- Мал иесіне
тартады, - дейді ол көгеріп.

Кежірлігі үшін кесапат шопыр атанған,

Ол өзі ылғи кеш келуші еді сапардан.

Зарығып көрген жалғыз ұлына көрші шал

Ақ көйлек сатып екелді бірде шаһардан.

«Базарлығын» ап, жүгірді мәз боп ақ бала,

Шал менен кемпір қарады соған шаттана.

Секеңдеп қашып сол ғана ояу жүретін,

Қанағат кеш кеп, тоқтаған кезде қақпаға.

Аңғармай қалды анау күн осы шіркінді,

Ақ көжек састы: бір құлап алып, бір тұрды.

Жарыққа көзі шағылысты ма, «батырың»

Қайрылып кенет, мәшінге тура ұмтылды.

Ұмтыла түсіп, жалт беріп қияс қашты әрі,

Қанағат болса, ұмытып бір сәт басқаны,

Сәл болмағанда көжегін емес, көршінің

Жалғызын жаншып кетердей болып сасқаны.

«Апыр-ай, Құдай сақтады-ау мықтап» деген-ді,

Жарығын жақпай келетін болды ол енді.

Кеше де солай бұрыла берген мезетте,

Ысқырық шықты түршіктірердей денеңді.

Байқады сосын МАИ-лік майор жеткенін,

Көкірегінде сайрап тұр әлі өктем үн:

- Фарыңыз неге
жанбайды, інім?

- Ой, көке-ай,

Сол болмағанда, адасып кетер деп пе едің?

Куәлік кетті, мәшін де кетті құрымағыр,

Айта жүретін әңгіме болды бұл да бір.

Сол күні оның түсіне енді тағы да

Ақ көжекті ұстап
ақсия күліп тұрған ұл.

 

      4. Көкем-ай

      - Арал тартылып
барады, көке!

- Рас па?

- Семейде бомба
жарады, көке!

- Рас па?

- Қазақша мектеп
жабылды, көке!

- Рас па?

- Шалқиядан кен
табылды, көке!

- Рас па?

- Дін деген -
апиын!

һәм залал бізге, һәм бөтен,

Молда мен ишан миқұрт боп өлер малға тең.

Құлһуалланы қайтарып тастап астан соң:

- Үкімет дұрыс
айтады, - дейді жан көкем.

Бір артық зат жоқ бойында

және миында.

Үзе алмай қойды қарызын, әттең, биыл да.

- Несі бар екен?

Совхоз да қарыз мен түгіл, -

Дейді де көкем,

кетеді кеште жиынға.

Оңаша қалсақ,

айтамыз есіп мұны біз,

Тархан атадан тарайды арғы түбіміз.

Емен caп
найза көлеңкесіне ел қонып,

Екеудің бірі мен деген елдің біріміз.

Көкемнің бірақ дау-дамайменен ісі жоқ,

Брежнев-патша ұнайды
жылы түсімен.

«Жарықтық, ылғи сүйеді жұртты бас салып,

Кең қолтық адам», - деп қояды оны ішінен.

Өзі - екпінді,

баласы - озат класта,

Сырдария бойы сыйып-ақ тұр ғой құлашқа.

- Қазағың бүгін
өсіп кетті ғой, - дейді ағам.

- Рас па?

 

      5. Той. Рейім шал. Өлең

      Әлқисса, жазарымыз дала жыры,

Сыр елі өлең дейді жан азығы.

Сол елде...

қырғыз жақтан
құдаша кеп,

Той өтті бір керемет ана жылы.

Айтайын оның жайын сұрасаңыз,

Жан екен таң сипатты құдашамыз.

Алдында шай құюға
жарамады

Ақша қыз

Торыша қыз,

Құбаша қыз.

Беу, жастық,

айналайын жел көңілдім,

Келеді жұртқа, әйтеуір, ер көрінгің.

Түзейміз галстукты қайта-қайта,

Кілең дүр -

Анау да дүр,

Мен де дүрмін.

Жүр едік менсінбей-ақ өзге қызды,

Құдаша ілер емес көзге бізді.

Сәлден соң «ал ырлайық» деді күліп,

Боларын бір қызықтың сезгеміз-ді:

- Ақсайдың башы алтын таш,

Арманда болды
алтын баш.

Сырдария дейтін жер көрдік,

Масасына жем болдық.

Ұйықтай
алмай түнімен,

Қазақтың түйесіне ұқсап сенделдік.

Соны айтып әсем керіп күлді қасын,

Сағақтап сақ Құстарды ілді лашын.

..Ардасы ақпа жырдың қырғызда екен

Пар келер таппай отыр құрбыласын.

Арда қыз озып отыр топтан асып,

Табанды алдық білем шоққа басып.

Сүйкенген ақбоз үйге бота-тайлақ,

Жалт беріп шыға келдік шетке қашып

Мақалдап: «Сырдың елі - өлең елі»,

Әжеміз «атекем-ай» деген еді.

Атекем, жатқан жері жайлы болғыр,

Бұл жолы
зәузаттарын демемеді.

Жалғайтын біз бе сонда жырау көшін,

Құрым түс кұптан болды мынау бесін.

Сол уақ шал Рейім атып тұрып,

Қызға емес,

бізге қарап: «Уау» десін.

- Уау, сұрасаң,
арғы атамыз көбейсін де,

Жақын тарт құдашаны,

өгейсінбе.

Масаханам ішінде бір орын бос,

Келе ғой кешке жақын демейсің бе,

өй, өңшең шірік!

Бәрі де өткен іс қой,

өтті дейін,

Айтқан жоқ артық-ауыс өкпе рейім.

Ауырып бір-екі күн жүрді дағы,

Айналып шаруасына кетті кейін.