ВЕРНУТЬСЯ

       Бұл неткен
қыс: түн тұман, таң да тұман,

Кетіп қалсам қайтеді Алматыдан?

Көкке қарай беремін, осы қазір

Бір көкқошқар түсердей Алла атынан.

Аспан - Алла, мекені толған аңыз,

Көкке қарап кейде, рас, қорланамыз.

Түсетұғын «Төрт кітап» түсіп қойды,

Қоймай жүрміз жазуды сонда да біз.

Тәуір кітап жоқ енді бұ ғасырда,

Біз бе-ау қолы жететін шын асылға?

Жазсаң, солай жаз деймін, ал, әйтпесе,

Бәрі бекер емес пе, расында.

Солай, аға, не керек жалған атақ

Ала алмайтын өзге жұрт малға матап.

Білмейсіз ғой сіз бірақ, Құдай маған

Басқа бір сый бергенін арман атап.

Бұл
айтқаным - ғажаптың бірі ғана,

Мен өзім де айналам құбылаға.

Сіздерге емес, Алла оны қиды маған

(Қалай ұйықтар
екенсің бүгін, аға).

Қозғалақтай бастадың сен де міне,

Қалжың айтып болмай ма елге, бұ не?

Кешіріңіз, әзіл ғой бәрі дағы,

Шүкір, Алла, дегенмен, бергеніңе...