ВЕРНУТЬСЯ

       Күзгі желік күллі алапты күпір ғып,

Астап-кестен, не боп кеткен бұ тірлік?

Шетен ғана қызарады шет тауда,

Ұялады -
оған дағы шүкірлік.

Шетен ғана өрттей жанды қияда,

(оған бола, күз айылын жия ма?)

Шешең байғұс
сен туғанда, әттең-ай,

Шетен бесік неге алмаған, би аға!

 «Үйренем қазір мен
одан,

Бір мін жоқ, шіркін, жырында.

Ақын қыз!» - деді сері ағам,

Сұлу қыз еді ол, шынында.

Күтпеген жерден шықты егес,

Әңгіме қызға ауғанда.

- Әрине, - дедім,
- мықты емес,

Әдемі бірақ, дау бар ма?

Қанша рет өстіп шатылдық,

Мейлі, аға, мені тентек де.

Пайғамбарлық пен Ақындық

Бұйырған
бастан еркекке.

Демеймін сізді құптайды,

Расы - бәрі далбаса.

Әйелден ақын шықпайды,

Биші не күйші болмаса.

Жоқ жерден пәле табатын

Күндерім менің, күндерім.

- Феодалсың! -
деді шал ақын,

- Атама тартқам,
шын, - дедім.

Сейілді кейін бар өкпе

Үйіріп алған не мені.

Әйелдер жеңсе, әдетте,

Тек сүйіп қана жеңеді.

Білмейміз әйел затын біз,

Өтеміз білмей өмірден.

- Мықтысың! - деді
ақын қыз,

- О, мұның рас, -
дедім мен.

Жылытады әйел сыздарды,

Шуағын шашып төбеңнен.

Өлең жазатын қыздарды

Аяймын іштей, дегенмен.

қазақтықта менімен бірге жүрді...

ол...

«Бабырнама»

Арғымақ ару аттар жалында

Жел ұйықтайды
бұл түнде.

Кешегі кескекті ерлер барында,

Ол ұйқы он бұзылар еді бір күнде,

Ал айташым, айтар болсаң, сол ерлерді айт, іркілме.

Әзір сарай кезіңде

Әркімнің де сыйы бар

Оңнан, солдан құйылар.

Жалпы сөзді жалқы етіп,

Қарайған қараорманың тәрк етіп,

Қазақ шығып көрдің бе?..

Қазақ шыққан кезіңде

Қасыңда
болған азамат,

Әне, соны пірім дегін сыйынар.

Некесіз туған замана

Тұз құйғанда
жараға,

Жарақты әскер жасанып,

Қанша рет қазақ шықтың қасарып,

Қара өлең, жаным сенен садаға.

Тосын да тосын, тосынның

Тобын жарып өте алмай,

Тоқырау судай тосылдың,

Әзіз сұңқар
басыңмен

Тобан аяқ топ қарғаға қосылдың.

Ал айташым, айт, сонда

Қазақ екеніңе күмәнданып көрдің бе?

Көрсең, мен сенің досыңмын.

Мен, мен десін, мен десін,

Мен демесе, ерге сын,

Ажалды күн келгесін,

Ақ шырағы сөнгесін,

Қазақ өлсе- көмілер,

Көмілмесе, иманы Хаққа аманат,

Қазақтығың өлмесін.