ВЕРНУТЬСЯ

"     1957 жылы 5 қазанда Қарақалпақ АКСР-інде туған.     1973 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Келінтөбесовхозындағы №192 орта мектепті бітірген соң, 1975-1977 жж. Кеңес әскерикүштері қатарында Солтүстік Кавказ әскери округінде қызмет атқарды. ҚазМУ-діңжурналистика факультетін бітірген.Өлеңдері 1973 жылдан бері жарияланып келеді. 1983 жылы "Бердәулет пен Жоламан" атты поэмасы Қазақ КСР Баспа,полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің, Қазақстан Жазушылар одағы,Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті мен "Жалын" баспасының озықшығармаларға жариялаған бәйгесінде бірінші орын алды.     1983-1987 жж. "Жалын" және "Арай"журналдарында поэзия болімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, 1988-1995 жж."Білім және еңбек"("Зерде") журналының бас редакторы қызметін атқарды. Қазір"Жазушы" баспасының директоры.    Өзбекклассигі Хамза Ниазидің өлеңдерін өзбек тілінен тікелей аударып, жеке кітапетіп шығарды. Ортағасырлық тарихи танымдық жәдігер "Темір жарғышары" да тұңғыш рет қазақ тілінде Е.Раушановтәржімасымен сөйледі.     Өлеңдері орыс, литва, болгар, чех,украин, озбек, қырғыз тілдеріне аударылған.Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының жөне Халықаралық"Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты. Мәскеуде өткен жас ақын-жазушылар фестивалінің,сондай-ақ Қазақ КСР-і шығармашьшық жастарының "Жігер" фестивалініңтұңғыш лауреаты. Қазақ КСР-і сыйлықтарымен және тәуелсіз Қазақстанның он жылдығымедалімен марапатталған.     Шығармалары:Бастау. Өлеңдер. А., "Жалын", 1980; Келінтөбе. Өлеңдер. А.,"Жалын", 1984; Шолпан жұлдызтуғанда. Өлеңдер. А., 1986; Ғайша бибі. Өлеңдер. А., "Жазушы", 1992; Қара бауырқасақалдақ. Өлеңдер. А.,"Жалын", 1995."

Есенғали