ВЕРНУТЬСЯ

       Ей, қарсы да беттен жел ұрып,

Қара нардың дулығасын жұлқырда,

Құба
жарбай ентігіп,

Құлар еді-ау шұңқырға.

Төбеден түскен жылан нақ -

Төрт өрме қамшы төнерде,

Қара нардың қапталында бұраңдап,

Қасқа құба желерде

Кірпігінде мұз еріп,

Нар діңкесін құртатын -

Сол балалар біз едік

Қазық аяқ,

қу тақым.

Қаңтар күні құбыларда,

Қара нарды жазылатып,

Қасқая тартар іні бар ма

Қара желді азынатып?!