ВЕРНУТЬСЯ

       Ғалам да ғалам, ғаламнан-ай

Аспанды ғана көрем де:

Құлдық деймін ғаділдігіңе жан,

Аллам-ай,

Періштелер мен құстар
жүрген соң төбемде.

Мінеки тағы таң атты,

Сайран да сайран, сайран күн,

Маған бермей сермей ұшар қанатты,

Құсқа бергеніңнен айналдым.

Еділ де боп, Жайық боп,

Ғайыптан бір күн тайып кеп

Маған қанат біткенмен,

Мен оны құсқа
сыйлап жіберер ем бәрібір,

Айнам, аспан саған ғана лайық деп.