ВЕРНУТЬСЯ

         Aпa,
аманмын,

Бәрі де өзің көргендей.

Қызбалау, тентек балаңның

Ойланар шағы келгендей.

Серпемін көңіл әнімен,

Көгімді бұлт торласа.

Айықтым дерттің бәрінен,

Сағыныш дерті болмаса.

Тірлікте мынау тіл безеп,

Қызығын айттым мәз
күннің.

Түсіме кіріп бір мезет,

Түн бойы өлең жаздырдың.

Күңгірттеу тартып нұр өңің,

Жүдеулеу ойлы пішінде,

Жүрдің сен, менің жүрегім,

Таңдағы нұрдың
ішінде.

Басылмай қалды-ау құштарым,

Көремін бе енді, Хауа ана?

Шық тұнған
гүлді нұсқадың,

He дегің келді, Хауа ана?

Қызғалдақ гүлің мен едім,

Жайнайын биік қырларда,

Таңғы шық - мөлдір өлеңім

Төгіліп кетпей тұрғанда.

Шық тұнған гүлді нұсқадың:

«Жан балам, мынау өмірде

Өзіңнен биік ұстарың

Мөлдірлік болсын» дедің бе?