ВЕРНУТЬСЯ

       Мұнараның
төбесінен лақтырылсын!

Хиуа ханының жарлығынан

Иір-иір, иір боп көше кетті,

Иір-иір болады ол не себепті?

Халық өткен жолдардың көшірмесі

Көшесіне көшкен ғой десең етті.

Сансыз оймыш,

сән-нақыш,

сазарған өң,

Оянады мұнара азанменен.

Ажал деген болар ма мұнша сұлу,

Мұнша суық болар ма ажал деген.

Жұмбақ мұның ықылым кезі маған,

Көше біткен қашады безіп одан.

Тым-тырақай

тұс-тұсқа

заулайды олар,

Қайда барса, қан иісін сезіп әман.

Бірі өледі елсізде жоны ағарып,

Бірі байыз табады мола барып.

Енді бірі аспанға ұмтылады,

Ай туғанда қыр жақтан қораланып.

      I

      Қайта көрместей болып қаласын да,

Шаттығын да,

тәрк етіп наласын да,

Қашып барып,

алысқа маңып барып,

Қайта оралған бейбақтар тағы осында.

О, туған жер!