ВЕРНУТЬСЯ

      - Батальон,

Смирно!

Көз алдында алмасып ұшқын, түнек,

Қаһар төгіп кеткеңдей қыс күркіреп.

- Рейннен
етерде опат болған

Взвод үшін атылсын үш дүркін оқ!!!

Шы-ң...

Шы-ң...

Ш-ы-ң-ң...

- Батальон,

Вольно!

Қайран боздақ, өшкен от, есіл арман, -

Жатады өтіп көлбеңдеп көшіп алдан.

Комбайнды кетпенмен үш мәрте ұрып,

«Капитан» тұр
взводын есіне алған.

Түйін-теңін ақтарып шешілмеген,

Қайтарғанын айтады ол өшін немен,

...Күрішшілер қосында екеу-ақпыз:

Күміс сақал «капитан», сосын мен ем.

Жігерлілеу демесең өлеңі сәл,

Айтатыны мен үшін көне мысал.

Ақ дамбаның басына шығып алып,

Түніменен «команда» береді шал.

- Жолдас
сержант!

Ұлы Отан
сенеді Ерге,

Өле кетсем, сәлем айт менен елге...

Күріштікті жапырып ұмтылады ол

Дзот болып көрінген төбелерге.

Оқ себелеп
тұрғанда әр жырадан,

Сәбиді аман шығады ап зар жылаған.

...Қаланы ойлап мен жатам қос басында

Қашқан сумен алысып қалжыраған.

Қараңғылық орнайды, жайласып түн,

Бұрқырайды жас иісі сайда шықтың.

- Жолдас
майор!

Взводқа көмек керек!

Командирі - мен, капитан Байдашевпін.

Дәрі
иісімен ысталып шуақ көктем,

Құстар
легі келеді шұбап көктен.

Сәлден кейін «капитан» қорылдайды,

«Оқ дәл тиіп, қансырап» құлап кеткен.

...Ақ самала шуақты қарсы алып қыр,

Сап-сары ала дән-әлем ән салып тұр.

- Тамаша,
а?

«Капитан» оянады,

Таба нанның иісіне тамсанып бір.