ВЕРНУТЬСЯ

          Қара бауыр
қасқалдақ, қай жаққа ұштың пыр-пырлап?

Сазың қалды сәбидің еңбегіндей былқылдап.

Қара бауыр қасқалдақ, қасқалдағым, кері қайт,

Сиреп кеткен тоғайға қамықпа деп көңіл айт!

Ұя қалса
иесіз - айдын үшін сол қайғы,

Қаңғып келген шүрегей көлдің сәні болмайды.

Өз босағаң бұл жердің тауы, белі, төбесі,

Босағасын басқаға тастай ма екен, о несі?

Қасқалдағым, кері қайт!..