ВЕРНУТЬСЯ

      Бұл - арман жұрт, арман жұрт,

Қарға бойлы Қазтуған, сенен калған жұрт,

Еділдің бойы - елді қиян,

Маңқыстау бойы - майлы қиян,

Берер ме едік Мысырға,

Қиғаштың қырқарланып Жайыққа құяр тұсында

Әттең, дүние-ай дегенсің,

Әбілһаят суы екен

Сонда дірілдеп тұрған тамшы жас

Сенің сабау қара кірпігіңнің ұшында.

Жасым сыймай жанарға,

«А, Құдайлап» атқан таңға қарарда,

Біз дағы азын-аулақ сөз айтсақ,

Өрімінің әр талында дерт жатқан,

Өзегінде өрт жатқан,

Сабында саф алтынның буы бар,

Ұшында тіл
тартқызбас уы бар

Сен құлданған қамшының

Ол бүлдіргісіне жарар ма?

«Жел, жел есті, жел есті,

Төменде төбе билер кеңесті,

Ел мен жерің тең өсті».

Бүгінгі күн болғанда,

Тіл таба алмай Елменен,

Тілдесе келмей Жерменен,

Тірі өлік боп біз жүрсек,

Бұл
тегімнің осалдығынан емес-ті.

Қырықтың мақұлы қыңырға ерсі көрініп,

Жанға жалау болар жалғыз пенде табылмай,

Жүрек ақылға бағынбай,

Әзер шыдап
жарылмай,

Талықсып қиыр кезсең бұдырсыз

Тал түстегі сағымдай,

Таң қаласың несіне,

Қарға бойлы Қазтуған,

Қазақ сені де тыңдаған жоқ уағында-ай...