ВЕРНУТЬСЯ

   Жаралы жан

біледі жардың емін,

жазықсыздар біледі ардың
емін,

он сегізде

автомат ұстадым да,

ажалменен беттестім - бар
білерім.

Қорғау үшін

көз жетпес тегісімді,

орманымды,

даламды,

егісімді.

Қорғау үшін

жігіттік намысымды,

бетегелі белімді, еңісімді,

көктемімді,

күзімді,

жаздарымды,

аспанымды,

аққу мен қаздарымды.

Қорғау ушін

өзен мен көлдерімді,

шалғынымды,

батпақты саздарымды,

аязымды,

қысымды, ақ қарымды,

шөлдерімді,

жасыл желек жамылған
бақтарымды.

Қорғау үшін

қия құз, жақпарымды,

ауылымды,

ауламды,

есігімді,

құндақтаулы әнімді,

бесігімді,

сақтау үшін окоптан тұрдым ырғып.

қасиетті жерім мен
есімімді...