ВЕРНУТЬСЯ

      Момын күз тұр
дауылдатпай, шаңдатпай,

Бұлт жоқ көптен
көшетұғын қаңбақтай.

Кеңсеміздің алдына өскен жүзімдер

Бармақтай-ау, бармақтай-ау, бармақтай!

«Үпір-шүпір салуын-ай соншама», -

Нұсқаушылар
өтіп жүрді тамсана.

Үзіп жеуге жібермейді этика,

Ал хатшымыз аңғарған жоқ, болса да.

Көлеңкесі сирей түсіп саялы,

Жүзім пісіп, шіріп
жатты аяғы.

Солып жаты тірі
пенде айттырмай

Қартаятын хан қызындай баяғы.

- Қой, болмайды,
қой, болмайды, ерінбен,

Сауап үшін, сауап үшін, - дедім мен.

Хатшы жолдас көріп қалды кешкісін

Жүзімдерді үзіп жатқан жерімнен.

- Сауап үшін, сауап үшін, - дедім мен,

Күлді хатшы риясыз көңілмен.

Өз бастығым басын шайқап күрсінді:

- Сен-ақ осы
шықпадың-ау сенімнен.

Содан кейін:

- Жөнел, - деді, -
жұмысқа! -

Ертең, сірә, тығады-ау бір бұрышқа.

Ертең, сірә...

Әй, ертеңді көрерміз,

Бүгін тыныш ұйықтаймын
ғой.

Дұрыс па?