ВЕРНУТЬСЯ

      Қиратқам,

бір кез таптағам,

Астам боп айтып үкімді,

Шамильді жау деп даттаған

Күнәһәр Расул сықылды.

Күнәһәр
Расул секілді

өкінем бүгін келіп мен.

Кешірермісің жетімді

Жетілмей жатып желіккен.

Жер астынан бір жік шықты,

Қиратып тарих ордасын.

Өшірсең, өшір бықсықты,

Жалында нең бар, cop басым.

Кендебай болып терледім,

Керқұла ат болдым желерде,

Кереге мола өрнегін

Көшіремін деп өлеңге.

Ұмытып ұйқы-күлкімді,

Тарлауыт,

тайғақ жол көрдім,

Таратып алып жылқымды,

Жинай да алмай қор болдым.

Ұшырып
алған құсыма

Табыс деп жылап иеңмен,

Кегжиіп өткен тұсыма

Кесілгір басты ием мен.

Бөлсем де ол кез, бұл кез деп,

Бір өлең жазу - мұратым

Күндердің күні күмбез боп

Күңгірлеп сөйлеп тұратын.