ВЕРНУТЬСЯ

       Батыстан шыққан арлан жел,

Азуың білеп үйтқи соқ.

Шығыстан шыққан тарлан жел,

Тарлауыт асып жүйтки соқ.

Берекеңді алып қыс-дұшпан,

Беліңе басып қонды
ғой.

Бет алды үрмей тұс-тұстан,

Бірігер кезің болды ғой.

Қайратқа мініп, құлдығым,

Айбатпен қадам бас сана.

Сүдінсіз қардың түндігін

Сүңгімен түртіп аш сана.

Жалында келген күреңнің,

Қанында келген ірі елдің,

Түркістанның топырағы

Тісінде кетті түреннің.

Түспесін төмен өр еңсе,

Қонсаңшы жасыл қолатқа.

Топырақ керек ел өнсе,

Топырақ керек ер өлсе,

Топырағыңды тонатпа.