ВЕРНУТЬСЯ

       Ұйқымды ұрлап
алған ақ тымық көл,

Сен маған енді соны таптырып бер.

Сағаға тоғытылған тоқсан сазды

Бөлшектеп әр пернеге лақтырып көр.

Сөйтіп, сен түскен жерден жарқылды аңғар,

Саздар-ай, саяттаңдар, салқындаңдар.

Сау желген саусақтар бұл сағындырып,

Жүрмеңдер ауыртып ап, антұрғандар!

Келіп ем өзімді өзім зор санаумен,

Кезіктің сонша дария, сонша баумен.

Кеш бата өзің сипап еркелетер

Пернесі домбыраңның болсам-ау мен.

Мезі етті мешел жыры ақын шалдың,

Айқайын естіп болдық батыр, салдың...

Сен бізге жорғалаған дуадақтың

Көлбеңдеп көтерілген сәтін салғын.

Талпынған бала құстай
шат тілекпен

Әуезің, бал бармағым, тәтті неткен?!

Кетер деп аспанға ұшып күймен бірге,

Шап беріп ұстай
алдым ақ білектен.