ВЕРНУТЬСЯ

       Көпек итпен қосыла боран ұлып,

Түндікті тау төбесін орады бұлт.

Түнгі қолат қойнына құлап жатты

Түйетайлы беткейден жол ағылып.

Шыққан батыр секілді жау қайыра,

«Күйкен ұшқан»
салады тауды ойыма.

Қамажай қыз қайтарда оқысын деп,

Қар-хат жазып қалдырдым баурайына.

Боран, боран,

бүлік қой
бүл дегенің,

Созар екен қаншаға дүрбелеңін?

Ақ ұлпа
қар қасат боп сіреседі-ау,

Соны айтқым кеп тұрды да, үндемедім.

Ымырт емен аяғы түнмен біткен,

Ырзығым бар келетін күннен күткен.

Күн батты деп күрсіне алмадым мен,

Ертең таң боп атарын білгендіктен.