ВЕРНУТЬСЯ

    Мазасыздау...

Мазасыз аспан асты,

шимай-шатпақ ойларым шаштан
асты.

Ойым...

Миым...

Таза еді, балғын еді,

ауыстырып қойғандай басқа
басты.

Өзге біреу мен үшін
ойлайтындай,

өзге біреу мен үшін
тойлайтындай;

өзге біреу шырт етіп
шырпыдайын,

шамшыл, жаман әдетін
қоймайтындай.

Өзге біреу билеп ап
от-кеудені,

Өзегім - өрт...

Сұлу жыр, шеттеуде елім...

Нені іздейді?

Білмеймін?!

тыпырлайды

көгендеулі қозыдай
көктеудегі.

Мазасыз ой...

мазасыз арбасқанда,

әлдекім кеп жағама
жармасқанға

ұқсайды да тұрады...

Халым менің -

қындағы үнсіз айнымай
алдаспаннан...

Өзге біреу ішімде арбасқанда.

Жұлым-жұлым жүректің жара көгі,

тыпыршиды жырымның қаракөгі.

Өзге біреу «жаулап» ап...

Көктемімді

өкпелетіп жүрмесем, жарар
еді.

сәуір, 1973 жыл.