ВЕРНУТЬСЯ

        Шығар мені естен,

Қылаң белестен

Күлгінденіп күнес күн құлағанда,

Бұлаңдап
өскен

Сіңлің келіп мен жайлы сұрағанда,

Ең соңғы рет егіліп жылап ал да,

Тіл қатпастан тіс жарып тірі адамға.

Ұғын биік
қалпыңда қалғанынды

Құм ішінде
мұнартқан мұнараңда.

Жадымда бәрі:

Сағым даланы

Салыңқы иін басқанда сары күз кеп,

Ағындар енді

Ұйып
тыңдар сүйікті әніміз боп,

Елтуші еді дүниенің бәрі біз боп.

Қайран менің аңқылдақ жігіт күнім,

Алқына
айтып дәлелдер тұнықтығын.

Тең өскен шынар,

Деместен сынар,

Кетті күндер бір жүрген борандарда.

Мені естен шығар

Толқын біткен топталып тоғандарда,

Сол жылы құс
қайтадан оралғанда.

Өскен гүлдей тырмысып тас қабырға,

Жүрегімді жылытып баска нұрға,

Мен кетіппін жауа алмай бұлт болып

Бұлыңғырлау
өзіңнің аспанында.

Жырлағанда алап,

Тыңдағанда бақ,

Бұғау-қайғың
күл-талқан уатылып,

Күл маған қарап,

Көз жасыңа бетіңді жуа тұрып,

Оған мына көк аспан куә тымық.

Сен о бастан дүбіршіл дүлдүл едің,

Мына фәни-жалғаннан бір білерім

Өрлеп барып тоқтарсың, тоқтасаң да,

Шок жұлдызы
секілді сүмбіленің.

Уақыт заңы. Десек біз Ай мәңгілік,

Жасырынды ол қанатын жайғанда үміт.

Өтеді жаз бұлақ
қып ақ ұлыы,

Шалғын қырды шаңдаққа айналдырып.

Тең өскен шынар,

Мені естен шығар.