ВЕРНУТЬСЯ

       Сөнді көше шамдарының сөнетіні,

Өлді жұлдыздардың өлетіні.

Бұл түні көктен Ғайса түспейді,

Жерден Мәді шықпайды, бұл түні

Менің бөлмемде - ауыр тыныштық,

Ықылассыз сүлесоқ қарсы алады

Ықылық атқан түнгі он екіні.

Құмырада өскен гүл түс көреді,

Ғұмыр-бақи бір-ақ түс көретіні.

Түсінде оның басына бұлбұл қонып,

Дүние күлгінденіп,

Тамырымен нөр сорып жер төсінен,

Жұпар атып
жайнайды шын гүл болып

Бүл түні.