ВЕРНУТЬСЯ

       Менің жазған хаттарым әлі бар ма?

Ызғарлы күн жүректі қарығаңда,

Табынарға табасың кімді болсын,

Сағынарға демесең, сағынарға...

Бәрі сонда - не күттім, не тіледім,

Нені аңсады риясыз көкірегім?

Олар менің бұр
ашқан гүлдерім ғой,

Гүлдерімді өртеме - өтінемін.

Жазирасын жаныңның дүбірлеткен

Үкіліңнің жоғалттың үнін көптен.

Құлын сезім, қүштар ой тез өшті ме

Қонақтайын бүгін кеп, бүгін кеткен?!

Қарғыса да қазыққа соқтығып өр,

Жанарында мұң жоқ-тын, жоқ-ты мұнар.

Құлынымды
желіңнен босатпашы,

Тентек еді ол шіркін, отқа ұрынар.

Естіртуге өзінің үнін бөлек,

Бір бостандық сұрайды
ол түбінде кеп.

Құлынымды
жіберме жүрегіңнен,

Жүрек үшін өйткені дүбір керек!

Ауыл бұл
Сыр бойында сол баяғы,

Желде
иісі... су сыбдыры... торғай әні...

Дариядан ере шыққан толқын-күріш

Бірге ағып келе жатыр жол бойы әлі.

Сен жоқсың оятатын тағы таңнан,

Тек жалғыз тербеледі кәрі тал нөн.

Қарсы алды жағалауда аласа үй

Көтеріп жылдар жүгін қары талған.

Жоғалтқан жол соқты өзен бұла күнді

Айтпады сенің маған тұрағынды.

Ойлардан басы қатқан орман да тұр,

Ол менің шеше алар ма сұрағымды?

Ілкіде аңыз етіп мерген біткен,

Қызыққан, қызықтарын көргендіктен.

Қызыл жүн қырғауылдар кеткен бе ауып,

Ұшады
өңшең торғай шеңгелдіктен.

Күз желі бәрін өзі жатты үйіре,

Қыс келді тәнті қылып пәк күйіне.

Сүт түндер сүгір-қырда сені іздедім,

Атыңнан айналайын ақ дүние!

Ойнайды ордан қарғып тай желіге,

Майса да кеуде тосты май желіне.

Бұйдасын
үзіп кеткен ақ ботам ең,

Байланып қалдың екен қай желіде?