ВЕРНУТЬСЯ

          Киеді түн ақ шаңқан жібек көйлек,

Айта алмаймыз оны енді түнектей деп.

Жарық беріп тұрады
жалғыз мотор

Бір ырғақпен соғатын жүректей боп.

«Жүрегіміз», кеш болса-ақ, «ән» бастайды,

Мұхи
палуан - әжемнің «Нарбас қайны».

Біз көргелі жарықтың қожасы сол,

Моторшы да, мотор да алмаспайды.

Кеше солай, ертең де, бүгін де сол,

Жер шайқалып жатса да бүлінбес ол.

Coм
темірге сүйеніп тұрады үнсіз

Қара талдай жартастың түбінде өсер.

Үркер ауа мотор да «көз іледі»,

Маңай тыныш. Май иісі сезіледі.

Түні бойы ауылға жарық беріп,

Қараңғыда қайтады өзі үнемі.

Кемпір отыр есіне алып бүгін

О дүниелік боп кеткен жарықтығын.

О дүниенің мәнісін
түсіне алмай,

Немересі тұрады
қағып күлім.

Түсініксіз боп тұрған сол зат қана,

Әзірше оны өзінше болжап бала:

«Менің атам түнімен кірпік ілмей,

Жарық беріп жүр, - дейді,

ол жақта да».