ВЕРНУТЬСЯ

        Біз жақта «жынды
Аманбек» деген болды,

Сорлыға бақ
қонбады,

Өлең қонды.

Бір тойда жұмбақ
айтсын сол ағамыз,

«Таңдантып» жоғарғы елді, төменгі елді.

- Ал, халайық, бүл
түсімді жорып бергін,

Жағалай моласы жоқ ауыл көрдім.

Үйің - үй, қораң -
қора, бәрі орнында,

Бейіті қайда кеткен біздің елдің?

Шешуін дөл осымның таппайды ел, - деп,

Аужекем өрлеп-ақ түр «шаппай бер» боп.

«Итіңнің түсін-ай» деп күлдік біздер,

Жағасын ұстады әжем «сақтай гөр» деп.

- Жә, бекер
шуламаңдар жамырап құр, -

Деді ағай: «Өзім айтам, - шаңырақ бұл».

- Жазған-ау,
шаңырақ қайда, мола қайда?

- О, бар бол!

- Тәңір атсын, Тәңір
атқыр.

Дуласты, дабырласты - топ тарады,

Әжемнің көңілінде тек көп-ті алаңы.

Моласыз қалатындай қорқып жүрді:

«Жындының келмесе, - деп, - оттағаны».

Содан соң қалпына кеп қайта бәрі,

Есімде басын үнсіз шайқағаны:

«Моласыз қалдырам деп бүкіл жұртты

Тек жынды, жынды ғана айта алады».

Ол кезде сөз сырына үңілді кім?

Бірі жоқ сол жандардың бүгінгі күн.

Көзіме оттай ыстық басылады

Көп қойтас, көне қорым, үгінді құм.

Ай шаншып, төбесіне ту қадаған

Көремін меңіреу шаһар ку даладан.

Тезірек Алматыға қайтам сосын,

Сағынтып дулы нөпір,

Шулы аламан.

Ару кент, арман қала
шұғылалы, -

Алматы, ағын-халық
шұбырады.

Шошимын мен де кейде әжеме ұқсап,

Моласыз қалатындай түбі бәрі.