ВЕРНУТЬСЯ

   Өнер барын, ұмытып дарын барын,

асқақтадың, тым қатты арындадың.

Тани алмай мен сені, қайран
досым,

қайрандады көңілім..,
Жарым-жарым...

«Тұрған осы сен бе?» деп, «сен емес пе?!.»

Түстім іштей айқасып мен
егеске.

Түрің, түсің - өзіңсің, сөзің
бөлек,

айналғандай көріндің сен
елеске...

Бірге талай қуанып, бірге
күлген,

құлын-тайдай тебісіп бірге жүрген;

таныс жанды таба алмай
қиналдым мен,

«көзден бұлбұл ұшырған» күндерімнен.

Түндерімнен таба алмай
елес-белгі,

кездім ойша қырларды,
белестерді.

(Қайран қалдым тірліктің
мінезіне

алыстатар тебісіп, тел
өскенді).

Қарап едім жылылық білінбеді,

кейпің мына кеудемді
тілімдеді.

Бірімізді-біріміз тани алмай,

суық ызғар тіксінтті үніңдегі.

Тағдыр шығар... Көнесің
болған іске.

(Теріс пе бұл, білмеймін, оңған іс пе?!)

Мен де иілмей, бұрылып кете бардым,

қалтырады бала күн «тоңған» іште...

қаңтар, 1980 жыл