ВЕРНУТЬСЯ

       Білмеймін алысың не, қалысың не,

Әлде сен бұл даланың сәнісің бе?

Өмірдің өзі сынды сыртың момын,

Қоңыр құм,
не болса да - бәрі ішіңде.

Жыл жайлы пиғылы жат, көші бөлек,

Сөз алып сөйлемейсің шешіле көп.

Садақтан самсап ұшқан сансыз жебе

Қадалды қаншама рет төсіңе кеп?..

Тіріліп ескі жара әлі күннен,

Дөңбекшіп жата алмайсың сен іңірден.

Төсіңнен суырып ап сол жебені,

Байлағым кеп кетеді өміріммен.