ВЕРНУТЬСЯ

        Паң Алатау,

Паң Алатау тұлғасы
ғаламат-ау.

Сырласқысы келмейді-ау, сірә, тұрып,

Сәйкі бұлақ
күледі бұратылып.

Құс жолы
анау құдаша есіп берген

Ақ шылбырдай созылған шұбатылып.

Сәл түнеріп, қайтадан ашылды көк,

Жамылды құз
жеп-жеңіл асыл жібек.

Құлақ түріп барады Алатауға

Қырандардың даусына ғашық жүрек.

Ұлағатты
сөздерді ұғамыз да,

Қол береміз иіліп жыр-абызға.

Неке үйіне қараймыз
көз астымен,

Бұла қызға
телміріп тұрамыз да.