ВЕРНУТЬСЯ

      Жылауда жұрт
қарғып-сілеп көнені,

Жылауға рұқсат
беріліпті себебі.

Жылауға рұқсат беріліпті себебі,

күлкім келеді.

Жарыса айқай салып жатыр көп аға,

Бір-бірінен қалмау керек додада.

Менің де әкем «халық жауы» атанған,

Сәл қаттырақ жылауыма бола ма?

Есеп жоқ деп қасіретім мен мұңымда,

Қазақстан жылар еді, шынында.

Жылай-жылай көз жасын да тауысыпты ол

Мың тоғыз жүз
отыз екінші жылында.

Келді міне қарқаллөзи,
құтты шақ,

Қазақстан күлер еді жұртқа ұқсап.

Қазақстан күлер еді жұртқа ұқсап,

Бір қынға егер сыйып жатса қырық пышақ.

He істеу керек?

He істей алам сен үшін?

Қазақстан - қатып-семген берішім.

Жөнің сенің -
ескілік пен естелік,

Тегің сенің - қайшылық
пен келісім.

Қарашы,

Күбінуде Алтай - Атырау арасы.

He істеу керек?

- Қайдам, - деймін
күбірлеп, -

Өлең жазу керек шығар, шамасы...