ВЕРНУТЬСЯ

     - Шет елдерде
кімің бар?

- Сұрамаңдар.

- Жоқ, сен
айтқын!

- Ендеше, мынаны
аңғар:

Мықты болсаң, қайтаршы,
өзге жұртта

Әкем, шешем, екі әжем, бір ағам бар.

Анау жылдар сағатым санап таңнан,

Өзім де өтіп кеткім кеп сан оқталғам.

Шешем байғұс
«қой, қой» деп хабар берді,

Бір-ақ ауыз сөзі оның мені ап қалған.

Қазақстан жерінен кетті бәрі.

- Хат жаза ма?

- Хат алған жоқпын
әлі.

Аспанстан дейтұғын мемлекеттен

Түн жамылып өздері кеп тұрады.

Шошып тұрам орнымнан, үңілем де,

Несін айтып тұр
деме мұның елге.

Қазақстан жерінен кетер болсам,

Тек сол жаққа кетемін түбі мен де.