ВЕРНУТЬСЯ

        Өзгенттің жиделі тоғайлары-ай,

Баурында гүлдеген шыбық тал.

Мені алып ұшыңдар
солай қарай,

Ән сынды жеп-жеңіл бұлттар.

Көктем кеп көл суы молайғалы,

Мазасыз боп кеттім неге мен?

Өзгенттің жиделі тоғайлары,

Қайта бір соғармын деген ем...

Бұйығы
қойнауым, бұла түнім,

Жол анау дарияға тірелген.

Алты ай қыс
ой бағып тұратұғын

Момақан мекеннің ұлы ем мен.

Айтуға бел байлап ел шындығын,

Қоштастым осында бал күнмен.

Алдым мен аруана жершілдігін,

Дарияның мейірімін алдым мен.

Сол елге тартады көп ойларым,

Еш жерге кідіртпей, тоқтатпай,

Өзгенттің жиделі тоғайларын

Дариямен жалғайтын соқпақтай.