ВЕРНУТЬСЯ

ОмаровСейітжан (1907-1985) - жазушы, ақын, аудармашы. Ақмола облысы Атбасар ауданыКерегетас ауылында дүниеге келген.Әкесінен жеті жасында жетім қалған Сейітжанауылдық бастауыш мектебінде оқып, Атбасар қаласындағы жетіжылдық орыс-татармектебін білім алып, бастауыш мектеп мұғалімдері курсын,  Қостанай халық ағарту институтынбітірген.  Еңбек жолын орта мектептіңмұғалімі болып бастап,  жергілікті кеңесоргандарында әртүрлі қызметтерге араласып, комсомол ұйымының хатшысы болған.{mospagebreak}1932 жылы Қостанай халық ағарту институтының 2 курсына қабылданып, бір жылданкейін журналисткалық қызметтер атқара бастаған. Cолтүстік Қазақстан облысының«Ленин туы» газетінің жауапты хатшысы, Атбасар, Алексеевка, Советский аудандықгазеттерінің редакторының орынбасары жауапты хатшы, бөлім меңгерушісі болған.1934-1935  жылдары облыстық,республикалық баспаcөз беттерінде ақынның жырлары  жиі басыла бастаған. «Тракторшы», «Колхозшаттығы», «Нан » атты өлеңдерінде жаңадан құрылған қазақ  ауылдарының өмір-тіршілігі, шаруа ұжымдарының қажырлы еңбектері туралы жырлаған. 1937жылы Қазақ КСР Жазушылар Одағы аппаратына жұмысқа ауысады. 1937-1942 жылдары-  «Әдебиет және өнер» (қазіргі «Жұлдыз»)журналының жауапты хатшысы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет журналы (қазіргі«Жазушы») редакциясының хатшысы болды. 1942-1946 жылдары Кеңес Армиясықатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыс жылдарында  «Вперед, на врага» майдан газетіредакциясының қызметкері, рота командирінің саяси жұмыс жөніндегі   орынбасары болған. 1946-1960 жылдары -  «Жазушы» баспасының бас редакторы қызметтерінатқарған. Он жыл бойы Қазақ КСР Жазушылар Одағы басқармасының хатшысы болған.1966-1985 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы балалар менжасөспірімдер әдебиеті кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Алғашқы әңгімелержинағы «Бақыт» 1938 жылы жарық көрді. Отыздан астам кітабы шыққан. Негізгішығармалары балалар мен жасөспірімдерге арналған. Сейітжан Омаров туындыларыныңжас жеткіншектерді отаншылдыққа, қаһармандыққа, шынайы достық пен мызғымасынтымаққа, рухани тазалық пен биік парасатқа тәрбиелеуде маңызы зор. Жазушының«Заман күші», «Әңгімелер», «Балзия», «Қайырлы жаз», «Алтын алқап», «Күншуақ»,«Дала қызы», «Бақ жұлдызы», «Қиыр жол», «Қасиетті бұлақ», тағы басқа повестермен әңгімелер жинақтары, «Қызыл арай» романы жарық көрген.     Аудармасаласында Лев Толстойдың, Сергей Баруздиннің балаларға арналған әңгімелерін,Антон Чеховтың, Максим Горькийдің шығармаларын, Валентин Катаевтың «Жалғызжалау жалтылдап», «Полк баласы» повестерін, неміс филологтары ағайындыГриммдердің ертегілерін, башқұрт жазушысы Сайфи Құдаштың повестерін, чехжазушысы Божена Немцованың «Алтын кітап», «Күміс кітап» ертегілерін қазақтіліне аударған. Өзінің  көптегентуындылары да шет ел тілдеріне аударылған.    Қызыл Жұлдыз,Халықтар достығы, екі рет «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен жәнеҚазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Сейітжан