ВЕРНУТЬСЯ

        Мына теңіз
астында қорым қалған,

Шағалалар кетпейді со бір маңнан.

Маған таныс секілді бала күннен

Мен көрмеген айқұлақ
қоңыр қорған.

Жиекке кеп үзілген жолдар ана,

Толқиды су - әруақтар
қорлана ма!

Менің де бір қимасым жатқан сынды

Мен өмірде көрмейтін сол молада.

Құлағыма солардың үні келіп,

He бітірдім деймін мен тірі болып.

Тұсап
тастап есегін Қоңырат шал,

Теңізге аят оқиды күңіреніп.

Жер де басқа секілді, аспан
өңге,

Елегізем келгендей басқа әлемге.

Жартыкеш Ай тереңнен қалқып шығып,

Тұрады да
қояды тас төбемде.

Айламен, оймен басқарып

Алапат асау жылдарды,

Теңізбен шандып тастадық

Тентіреп көшкен құмдарды.

Жан-жақты ұлы тұмшалап,

Шулайды толқын тоғанда.

Даланың қысы жыл санап

Барады суып,

Содан ба?

- Ол, рас, - дейді ғалымдар,

Ғалымдар айтса - нанасыз.

Кешегі мақпал шағылдар

Ызғырық ескен қара сыз.

Тәйірі, не тұр
көк мұзда,

Қорқатын кезден жырақпыз.

Қатал боп кеткен жоқпыз ба

Ауамен бірге бірақ біз?