ВЕРНУТЬСЯ

       Тоғайы шулы, орпасы сулы

Түгіскен деген жер осы.

Тоғытқан
қойдың торқасы сынды

Жаңбырдан соңғы бедесі.

Көкала үйрек көлендей қонып,

Қасқалдак ұшқан тепсеңдер.

«Қай жерде көрдім» дегендей болып,

Қарайды маған топ шеңгел.

Соқпактар бірде қосыла қалып,

Түс-түсқа қайта жүгірді.

Күрішшілердің қосына барып,

Өткізем осы түнімді.

...Керауыз төбет кіреді шөпке,

Төңірек тегіс тыншығар.

Кетік тіс бала күледі шетте,

Кеу-кеулеседі сушылар.

Олар айтады көктем гүлдерін

Арқын да жарқын үнменен.

Олар айтады өткен күндерін

Болашақ деген мінбеден.

Олар айтады соғыс хақында

Тыныштық деген тілменен.

Ақ айдын жатыр қол ұстатымда

Сырласып нәзік түнменен.

Ақ ерке толқын кезеді көлді,

Кезеді көлді күміс үн.

Жүрегімменен сеземін енді

Күрішші ауыл тынысын.

Ұнайды
маған көркем кештері,

Ұнайды
мақпал түндері,

Күрішшілердің кеу-кеулескені,

Кетік тіс ұлдың
күлгені...