ВЕРНУТЬСЯ

         Шыңдарым,

Уа, өрлерім,

Шежіре көне тарихқа куәгерлерім!

Қыраннан қанат сұраман жылушы болып,

Биіктік осы менің де туа көргенім.

Ақша бұлт
орамалың ба,

Сол ақша бұлтпен
қоныстас бола аламын ба?

Еһ-еһ-ей! Тасқа соғылып жаңғырықты үнім,

Құр
арналарды қуалап толар ағынға.

Жуынарсыңдар
жауынның тазасыменен,

Биіктік жырын осылай жазасың ерен.

Шынымды айтсам, ғашықпын өздерің түгіл,

Сендерге түскен найзағай қазасына мен.

Оралмайды екен бұлттарың
шәлдерге көшкен,

Кетпейді бірақ нөсер боп өлгендер естен.

Келешегімнің тершіген кең жауырынын

Өптірсем деймін самалға сендерден ескен.