ВЕРНУТЬСЯ

        Жол жөндейтін басқарма

«Жоспарда бар» деді де,

Жан бітіріп тастарға,

Таудың шетін кеміре,

Бұрма, бұрма, бұрма кіл

Соқпақ өріп астынан,

Қондырды әкеп шыңға бір

өлі қыран,

тас қыран.

Қарға-құзғын ұшты аулақ,

Жуи алмай маңына.

Жылан әрі түсті аунап,

Кең өрісі тарыла.

Қожыр қойтас,

арбақ тас,

Жасырынды шіл барып.

Заржақ
торғай,

жарғақ бас,

Беттемейді зыр қағып.

Тірі ме,

жоқ, өлі ме -

Тұрады өсіп хас ірім,

Құс тең келмес шеніне,

Ей, бек затты асылым.

Айтам сөзді тізбелеп,

Асады оған кім құлақ.

Қыран жігіт бізде көп,

Әттең, дүние, маңында

кімдер жүр бірақ