ВЕРНУТЬСЯ

      Түс қыла гөр, Құдайым!

Махамбет

Жат емес-ті, жақын да емес онша тым,

Қызып алған, танаулап:

- Шет елге өтіп
кетем, - дейді қоңсы ақын.

- Ақ жол, - деймін
манаурап.

Мұнар
жапқан дел-сал таудың төбесін,

Ұйықтайтын-ақ
кешім ед.

- Шетімізден атады
әлі, көресің!

- Қайда? - деймін
есінеп.

- Жоқ, асылып
өлем, - дейді ол долданып.

- Қашан? - деймін
беталды.

- Кіл саудагер ел
тізгінін қолға алып,

Сатып жатыр Отанды.

- Сатып жатса,
алмайсың ба өзің-ақ?

- Кедеймін ғой,
мен бейшара кедеймін.

Ұйқы қысып, зорға отырмын божырап,

He деймін?

Қара түнек
келеді еріп тасадан,

Мынау неткен ғажап түн.

Есім дұрыс, денім де сау, бас аман,

Ол аз десең - қазақпын.