ВЕРНУТЬСЯ

        Ұмытқым
келді

Тұнық
түндерді,

Ерке лепті де,

Сол теректі де...

Сосын, сосын... уақытқа бағындым да,

Кете бардым оранып жалын-мұңға.

Қайтпадың ғой, қамкөңіл жезкиігім,

Қалып бара жатса да қағың мұнда.

Жезкиігім - жүрегім дала кезген,

Қара моншақ ағызып қара көзден,

Қайрылмасқа бет алдың, тастап
шығып

Панаң болған орманды бала кезден.

Ұмытқың
кеп алғашқы пәк тұлғаны,

Кеттің солай гүлдерге жат қырдағы

Махаббаттың мұңынан
арылудың

Жалғыз жолы осы деп таптың дағы.

Жылдар өтті арада - жолықпадың,

Қорыққаның беймәлім,
торыққаның.

Ізгі нұрдан бездім деп жүріпсің-ау,

Іздегенің екен ол - соны ұқпадың.

Кешін көңіл түзетіп алса дағы,

Әрнені еске салады таң самалы.

Шайлықпалы ойлардың шалқар көлі

Шағаласын қанша рет аңсамады.

Жезкиігім - жүрегім, оның
атын

Мәңгі мұң
деп өзгерттің болып ақын.

Кеткеніңмен өртеніп ғашық жаның,

Кезді күтіп жүріпсің жолығатын.

Жалғыз терек тербелсе жай ырғалып,

Бізді күтіп тұр ол деп пайымдалық.

Жезкиік боп өледі шын махаббат,

Өлімге емес, өмірге дайындалып.