ВЕРНУТЬСЯ

      Алуан гүлге тұнатын

Бозсудың жыныс жағасы.

Сайлардан өріп шығатын

Самсаған жаңғақ ағашы.

Caп құрып жатқан айнала

Сарбаздар еді беренді.

Қимылдап қалса
жай ғана,

Қыруар жеміс төгер-ді.

Поселке салдық бір күн кеп,

Мақта ектік (оны құт дедік).

Жаңғақтар біздің біртіндеп

Етектен тауға шықты өріп.

Қашты олар сапы бұзылып,

Орнында томар тұқыл
қап.

Омыртқаға ұқсап
үзіліп,

Сүйек боп сынды бытырлап.

Көргенде сайға толғанын

Мақтаның тұзды
сулары,

Тарбиған бұтақ
қолдарын

Аспанға жайып шулады.

Күз келді,

Қырман молайды.

Қату тек таудың қабағы.

Төрт көз атыздар

Тоғайды

Әлі де қуып барады.

Саусағым бүгіп санайын,

Аз қалды хауыз бауменен.

Осы ма әлде, ағайын,

Мақтамен бауыздау деген?

Көпірді арық көк езу,

Көбейді атыз жан-жақта.

Азайып кеткен не өзі,

Қанағат па әлде жаңғақ па?

Кетеуі кеткен сан бақ бар,

Қол ұшын беріп үлгергін.

Құлайды
тырс-тырс жаңғақтар

Көз жасына ұқсап...

Кімдердің