ВЕРНУТЬСЯ

   Жар өкпелі болса,

шаршатқан шығармын?

Ар өкпелі болса,

аңсатқан шығармын?

Бау өкпелі болса,

жастықтан бұғар кім?

Тау өкпелі болса,

жанымды ұғар кім?

Жол өкпелі болса,

асудан асармын?!

Көл өкпелі болса,

мауқымды басармын?!

Шөл өкпелі болса,

көктен нұр шашар кім?!

Ел өкпелі болса...

Өкпесін басар кім?!

Өкпесін басар кім?!

наурыз, 1976 жыл.