ВЕРНУТЬСЯ

       Рет-рет ер өтті

Қарғытқан атын
қамалдан.

Найза ұстаған
бұл елде

Ер өткен жоқ Шабайдан.

Ақтан Керейулы

Саргідір күйдің ыңырана тартқан кемесі

Мамырлап барып, кілт тоқтай қалды, о несі?

Қан күрең түске боялып алып күн батты,

Өтежан бала ойнайды үй ғып құмдақты.

Ақ домбыраны сүйей caп жүкке Әждүрлі,

Үлкен ұлына
шаншыла қарап тіл қатты:

- Уа, ана Нарын құмдағы

Ер Махамбеттің өздерің сынды ұлдары

Суретін салып, кітапқа берді атасын,

Кескекті сойдың белгісі, міне, бұл дағы.

Әй, шырақтар-ай, ол да жоқ мына сендерде,

Мәзсіңдер бәрің еңкейіп масақ тергенге.

Кімнен кем еді, әйтпесе, Шабай бабамыз

Қорған боп өткен шыңыраулы құба дәңдерге!».

Қан күрең түске боялып алып күн батты,

Өтежан бала ойнайды үй ғып құмдақты.

Әждүрлі қария шайқайды басын - бәрі үнсіз,

Үлкен ұл
отыр сипалап ескі сырмақты.

Бүкір бел дөңге иегін артып абат қыр,

Төрт түлік малдың даусын caп жатқан алап бұл.

Жерге еніп кеткен Үркердің орнын иемденіп,

Бір аппақ жұлдыз
ауылға мынау қарап тұр.

Ұқсайды
көшке іркес те тіркес қара құм,

Өтежан бала ішпейді кешкі тамағын.

- Үлкейген кезде
мен жазам ондай кітапты,

Ал қазір, - дейді, - суретін салам бабаның.

Ұқсайды
көшке іркес те тіркес қара құм,

Өтежан бала ішпейді кешкі тамағын.

Шілденің айы миықтан күліп туды, өне,

Дөңгелеп піскен нанындай болып табаның.

Ішке еніп кетті ақ тазы үйге еркін кеп,

Тайлаққа мініп шабады бала селкілдеп.

Көрінеді енді қаз-қатар масаханалар

Батырлар тіккен шатырларға ұқсап желпілдеп.