ВЕРНУТЬСЯ

      Жеке бақыт болған емес,

жеке мұң,

Бірдей сүйіп мына туған мекенін,

Өзбек біткен сезінеді күн сайын

Бұл
Ташкеннің өзінікі екенін.

Айтсын жауы арам ниет, қас пікір,

О, қас пікір,

Тау бұз,
мейлі

тасты тіл!

Гөзел Ташкент -

өз төсегі, өз үйі,

Өз үйінде өзбек тілі -

басты тіл.

Өз тілі үшін күреспеген ел ел ме?

Өз күні үшін күреспеген - ел ел ме?

Өзбек тілі құдіреттеніп
кетеді

Әр жыл сайын мақта-мейрам келерде.

Жеке бақыт болған емес,

жеке мұң,

Бірдей сүйіп мына туған мекенін,

Өзбек біткен сезінеді күн сайын

Бұл
Ташкеннің өзінікі екенін.

1978-1980