ВЕРНУТЬСЯ

          «Қасқа бала тағы да қамалыпты», -

Жеткізді әжем жайсыз бір жаңалықты.

Қырсық мінген болса егер желкесіне,

Еркесі не,

жігіттің серкесі не

Екі байтал суға ағып өлген екен,

Соттан бір-ақ шығыпты ертесіне.

Тапсырды әкеп үйірді келесі күн,

Мәнін түрлі жорыды ел осының:

«Туа құрық
ұстаған жазған бала-ай,

Көрді-ау содан көкесін көресінің».

«Тұяқ
болма, қияқ бол, арам қатқыр,

Тас боп қатып қалыңдар табандап бір!»

Теңге кемпір қарғыспен кептірді ішін

Жылқы атаулы «қырсықтың», жамалдатқыр.

Тәліп кейін айыптан ағарып кеп,

Бір кеткеннен мол кетті қалалық боп.

Біреу жатыр: «Пақыр-ай, безген екен»,

Біреу жатты: «Мұнысы
балалық», - деп.

Баяғыдай күн батып, таң атады,

Жаз жетеді - жайнайды дала тағы.

Анда-санда ауылға бір келгенде,

Тәліп ылғи қыр асып баратады.

Бәрі таныс - төбеден төнген ақ түн,

Көлеңкесі түсіп тұр көлге бақтың.

Құлағында
көк шалғын суылдайды

Жалындай желге қарсы желген аттың...