ВЕРНУТЬСЯ

    Асықпа, дос, тақпа мінді,

мен ешкімнен сұраман бақ-дарынды.

Бөліссем де қуанған сәттерімді,

көрсетпеспін мұңайған шақтарымды.

«Намыс» деген ақ алмас емес пе еді,

кірді бүгін түсіме, елестеді.

Тепсінді де, бір дауыс
тебіренді -

сілкінгендей болды тау
белестері,

Намыс менің көзіме елестеді.

Дауыс келіп сабады
өктем-өктем,

қалай, қашан мен оны
өкпелеткем?!

Бір уыс қып бүрді кеп
қас-қағымда,

түсті есіме күндерім текке
кеткен...

Түсті есіме уақыт көктеп
өткен,

айларым мен жылдарым өртке
кеткен.

Әлдеқайдан сыңсыды сары ала
қаз,

қолын баяу бұлғады шертпе-көктем.

Дауыс мені соққылап бастан
қатты,

Намыс мені жерге ұрды, аспандатты.

Күлейінші деп едім күлкім
қашты,

жылайыншы деп едім жас
қалмапты...

24 желтоқсан, 1976 жыл

24-желтоқсан, 1980-жыл